Өлең, жыр, ақындар

Қастерлі де қасиетті Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына!

Күндей боп жарқырайды күмбез аспан,
Елім менің ерлеріне құшақ ашқан.
Бертіндегі Қайрат, Ләззат, Сабира...
Тарихы алтын әріппен нұрын шашқан.

Тәуелсіздік – қан мен жанды тірегім,
Сен бар жерде балдай ғұмыр сүремін.
Сен күйзелсең, мен де бірге құлазып,
Тыным таппас жұдырықтай жүрегім.

Тәуелсіздік, мен өзіңе қарайладым,
Жүрегімде мәңгілік арайладың.
Алтынға айырбастамас Қасиеттім,
Өлең-жырмен өзіңді аймаладым.

Жоғарыға қарадым – ашық аспан,
Тауларыма қарадым – алдараспан.
Шөптеріме қарадым – адыраспан,
Адамдарға қарадым – жадырасқан.

Аңдасам, мекенімді ойға бағып,
Кең далам алтын дәнді бойға жақұт.
Көп ұлтпен бірлігіміз жарасқан ел,
Қазақстанда туылу қандай бақыт!

Ата-бабаңның істеріне шірен үн,
Егемендікті аса нығайт, қыл елін.
“Білекті бірді, білімді мыңды жығар”,
Шәкірттеріммен туды шыңға тігемін.

Отаным оттан ыстық жерім менің,
Жолыңда гүлің болып егілемін.
Сүйкімді туған жердің торғайы да
Жасай бергін, Тәуелсіз елім менің!

Әлемде жүр қаншама ел құлдығымен,
Бақ берді Алла, тәтті сый, шындығымен.
Шын жүректен елімді құттықтаймын,
Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен!

Авторы: Алматы қаласы Наурызбай ауданы
№187 ЖББМ, педагог-ұстаз Нұрсұлтан ӘМІРБЕК



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір болсақ, қуанар ем

  • 0
  • 0

Қуанар ем,
Бір болсақ, қуанар ем.
Қиындықтан,
Әрқашан құтқарар ем.

Толық

М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайға берген әке тәрбиесінің негізінде жатқан тұлғалық қасиеттері

  • 0
  • 1

Әкесі қой баға білмегеннің –
Баласы қозы баға алмайды.
Абайды Абай еткен Мұхтар,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дегендей...

Толық

Қорағаты өзені

  • 1
  • 0

Қорағаты өзені, ойыма көп түседі,
Балық аулап, балалар айдынында жүзеді.
Қыз-келіншек жиналып кір жуатын,
Қандай қызық ұмытылмас кез еді.

Толық

Қарап көріңіз