Өлең, жыр, ақындар

Сексен көлдің бірі – сері, шырайлы һәм

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 410
Сексен көлдің бірі – сері, шырайлы һәм,
Өзің жайлы өзімше айтам сыр, Айнам,
Моншақ шашып жатқандайсың маңайға,
Шағырмақпен шағылысып шыны – айнаң.
Мөлдіредің, мөлдір едің, ой неткен,
(Асқан бұдан айна бар ма, бойжеткен)
Бұлт арулар босатпайды алдыңды,
Бұрымы ойнап,
бүрмелі аппақ көйлекпен.
Сауық болар көк мұнарың – Сарайға,
Сол арулар көп келуді қалайды, ә?
Сән түзесіп қайта-қайта қарай ма,
Әтір сеуіп әлсін-әлсін маңайға.
Бір кірпияз адамдайсың зерделі,
Ұялтатын қарау көңіл пендені.
Мөлдірсің сен!
Пенделер бар құр қалған, –
Тереңдік пен мөлдірліктен сендегі.
Аузыңды ашсаң көрінгендей жүрегің,
Сен сияқты абзал досты білемін:
Алыс кетсем, аңсай бердің шарқ ұрып,
Жолға шықсам, сәтті сапар тіледің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Думанды дала

  • 0
  • 0

Құлпырған қараңдаршы дала бағын,
Көктемдей нұрға бөккен бар алабым.
Бақыт та, қуаныш та осы жерде,
Ұрпаққа мирас еткен бабаларым.

Толық

Армысың, акқу арулар

  • 0
  • 0

Салып бір сыршыл сарынға,
Сусылдап қондың қалыңға;
Сағынып туған өлкені,
Айдынды аңсағаның ба?

Толық

Егінжай суреті

  • 0
  • 0

Алтын нұр аймалап алапты,
Шапағат сәулесін таратты.
Шығыстан шырайлы күн шығып,
Таң атты, таң атты, таң атты!

Толық

Қарап көріңіз