Өлең, жыр, ақындар

Ауыл қотанында

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 258
Ырыс елі, бұл ауыл, тоқтық елі,
Тыныштық қой – мұндағы көп тілегі.
Туыссырап бір үйге келсең де сен,
Күллі ауыл мейманымыз деп біледі.
Суытпаған сыйластық сенімдерін,
Нұр шашады жарқырап көңілде күн.
Қауым болып қыздарын ұзатып сап,
Ауыл болып түсірген келіндерін.
Шаттық енсе бір үйге жұрты жайлы,
Тай қазандар ошақта бұрқырайды.
Қайғысына бір жанның қапаланып,
Сексен үйдің сүйегі сырқырайды.
Бәріне ортақ сауығы, сайрандары,
Шүкірлік деп, дастарқан жайған бәрі:
Тілек қосып әжелер, бата берер,
Абзал қарттар, ауылдың пайғамбары.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айдын жағасында

  • 0
  • 0

Арала дала көрмесін,
Өмірден бір сәт түңілсең;
Қозғаған көңіл пернесін,
Сыр қанша көлге үңілсең.

Толық

Айнакөл, айналайын шырайлы анам

  • 0
  • 0

Айнакөл, айналайын шырайлы анам,
Шыға алмай айдыныңнан шыр айналам.
Өмірдей өзі терең, өзі мөлдір, –
Жан оңбас жалтырыңды ылайлаған.

Толық

Мейірім

  • 0
  • 0

Жайраңдап өткен өзіңмен,
Жадымда сәби шақтарым.
Жылылық тауып көзіңнен,
Жауқазын жырлар жаттадым.

Толық

Қарап көріңіз