Өлең, жыр, ақындар

Жасыл жапырақ

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 391
Жасыл жапырақ,
Сырласпаппыз біз көптен,
Қоғам мынау қалды адасып ізеттен,
Адам қалмай, сене алатын бір сәт те,
Сені іздедім,
Ұқшы мені құшақта...

Сары гүлдер өңімізді ашады,
Екеуіміз жап-жасыл боп тұрған соң,
Толқындардың даусы моншақ шашады,
Қызыл-жасыл кемпірқосақ туған соң.

Жасыл сырға оранған гүл жастығың,
Әділет пе,сарғайғаны күні ертең,
Келе сала, бастайтұғын қастығын,
Күзді қалай кешіре алам жүрекпен.

Жазға ғана жарасатын келбетің,
Әлде, күздің қаламадың сүйгенін,
Әлде, өзіңнің қадіріңді өрнектім,
Білдіргің кеп, сары түске жиі ендің.

Соншалықты қысқа шыққан жастығың,
Көктем сайын ораларын тіріліп,
Айтшы маған, күз бен қыстың қастығын,
Екеуіміз жеңетіндей бірігіп...

2015 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кеш жаралы… Кеш налалы… Ой басқан

  • 0
  • 0

Кеш жаралы… Кеш налалы… Ой басқан,
Ішкен сайын итішкірге тоймас жан,
Ана жақтан естіледі масаң үн,
Менің ауыр тақсіретімді тойласқан.

Толық

«Сүйесің бе?» - дейсің Сен

  • 0
  • 0

«Сүйесің бе?» - дейсің Сен,
Құрбан болғанымды көргің кеп,
Сүйе алмағанымды кешірсең,
Сүйе алар ма едім? Елжіреп...

Толық

Барлығына кінәлі кім?

  • 0
  • 0

Барлығына кінәлі кім?
Мына мен!
Келе жатқан кешірумен,
Шыдаумен…

Толық

Қарап көріңіз