Өлең, жыр, ақындар

Өлең маған ғашық-ау, мен өлеңге

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 656
Өлең маған ғашық-ау, мен өлеңге,
Ұқсаймыз ба Қыз Жібек–Төлегенге.
Айнымайтын
Отаным бала-шағам
Шаңырағым да – жыр менің, керегем де.
Екеуміз де бүгін бір қалжырадық,
Шатассақ та әзірге алжымадық.
Өлең мені түсінбей, мен өлеңді.
Екі жақта екеуміз зар жыладық.
Жол алған бұрынғы сал-серілерден,
Алыстым түніменен Перілермен.
Шешесіз ұйықтай алмас баладаймын,
«Анаң осы» деп жырға телігеннен.
Қу дүние, неменені бұлдадыңдар,
Анам жоқ, есесіне жырларым бар.
Тіршілік, жанды жедің осыншама
Жыр түсінбес жандарды ұрғаным бар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайта-қайта санамда жаңғырдың, гүлім

  • 0
  • 0

Қайта-қайта санамда жаңғырдың, гүлім,
Іздеп сені қалада қаңғырдым бүгін.
Өлең жазам деп едім сезімді-ойлы,
Сүйкеп жаттым дәптерге жаңбырдың жырын.

Толық

Лебі еспей менен жаздың

  • 0
  • 0

Лебі еспей менен жаздың,
Ойым быт-шыт, өлең жаздым.
Сөз жүйесі жүйкелеген,
Құралмаса, неден мәзбін?

Толық

Әкем де болған, шешем де болған мұңдарым

  • 0
  • 0

Әкем де болған, шешем де болған мұңдарым,
Ешкімге сенбей, сендерді ғана тыңдадым.
Иілсем-дағы боранның тұрып өтінде,
Сынбадым,

Толық

Қарап көріңіз