Өлең, жыр, ақындар

Мен өлген соң өмірде не болады?

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 507
Мен өлген соң өмірде не болады?
Екінші өмір тіріліп, оңалады.
Ай астында күн бермей қойған еді
Зорлықшылдау тірліктің зобалаңы.
Осы болып бәрібір қоғам әні,
Ұмытылып пенденің тоба – мәні,
Тірілерің жүрер-ау алшаң басып,
Мұрынына жетпейтін орамалы.
Пікір айтып мен жайлы қауым бір сәт,
Игере алмай жатқанда дауын жұмсақ.
Шынымен-ақ кетті ме, жоқ па әлі деп,
Күн астынан қарайды-ау жауым күн сап.
Мендік өлең жазылмас – көңіл гүлім,
Сезінбеспін я ауыр, жеңілдігін.
Өзім барда тірлікке селт етпеген,
Шуақ шашар екінші өмір – күнім.
Мен өлген соң білмедім не боларын,
Жай отындай жанам деп жобаладым.
Бұтағымды тірлікте көгертем деп
Несібемді теріп жеп домаладым.
Мен өлген соң бірдеме болар ма екен,
Әлде дүние көркейіп оңар ма екен?
Баяғыдай байларың құдайсынып,
Панасы жоқ кедейлер тоңар ма екен?
Дұғасын да білмейтін кімге арнарын,
Жайнамазға жылығар діндарларың.
Дүние-боқ қу жанын қызықтырған,
Жайлап жүрер байларға мұндар жанын.
Имандыға беретін сеңсең сыртын,
Тіршілікті жайлаған өңшең құлқын.
Құлқындардың құрдымға кеткен кезін,
Өлген соң да бір келіп, көрсең шіркін!!

26. ХІ. 2006 жыk



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлең жаздым өрелеп

  • 0
  • 0

Өлең жаздым өрелеп,
Өзің желеп-жебе деп,
Түркістаным керемет!
Жыраулар мен хандардың,

Толық

Әкем де болған, шешем де болған мұңдарым

  • 0
  • 0

Әкем де болған, шешем де болған мұңдарым,
Ешкімге сенбей, сендерді ғана тыңдадым.
Иілсем-дағы боранның тұрып өтінде,
Сынбадым,

Толық

Адамға сірә ұнамас ойдан

  • 0
  • 0

Адамға сірә ұнамас ойдан,
Егіліп ерте жыламашы, айнам.
Кеудеңнен ерке бұлақ аш, айнам,
Түсінбес жаннан тұра қаш, айнам.

Толық

Қарап көріңіз