Өлең, жыр, ақындар

Жан жаңбыры

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 314
(Ақын Әкім Ысқаққа)

Бозторғайды оятқан жан жаңбырың,
Түркілеген ұйқыңды таңнан бұрын,
Көңіліңде бүр атып арман гүлің,
Өзек еттің өзіңе жалған жырын.
Жүрегіңе өрнегін салған бұрым,
Сол өрнектен жаралған жан жаңбырың.
Көктемені әлдилеп жұбатады
Енді-енді сәуірде жарған гүлін.
Гүл кеудемнің қашан да төрі – дала,
Жан жаңбырға жұбанған бөрі бала.
Оңашада төгілген жаңбырлар-ай
Жұбата алмай келеді мені ғана.
Жырларыңда мөлдіреп жан жаңбырың,
Дүбірлетер кеудеңді бағлан құлын.
Дәтке қуат, бойға нәр алып жүрміз,
Жанды еріткен жаңбырлы балдан бүгін.
Көтере алмай шаршасаң жалған жүгін,
Тебірентер жүйкенің алуан қылын.
Бөржардағы баланы аялашы,
Кәусарыңа жуындыр, жан жаңбырым!!

Сәуір, 2008 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ештеңеге көңілім тұрақтамай

  • 0
  • 0

Ештеңеге көңілім тұрақтамай,
Сезімімнің елігі лақтамай.
Қызықтырмай жүр мені көктемдегі
Бүршігінен бал тамған шуақ маңай.

Толық

Өзіңменен өшкеннен соң от, гүлім

  • 0
  • 0

Өзіңменен өшкеннен соң от, гүлім,
Өзіңменен жоғалған соң тоқтығым,
Үңірейіп жұртта қалған ошақтай
Қуанатын кезім мүлде жоқ тұғын.

Толық

Өмірімді менің де созыпты мұң

  • 0
  • 0

Өмірімді менің де созыпты мұң,
Әлденеден, білмеймін, көзікті ырым,
Желге беріп бетімді желпінейін,
Бара жатыр бекерге тозып түрім.

Толық

Қарап көріңіз