Өлең, жыр, ақындар

Хан апама

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 445
Інің едім жолыңды жөн санаған,
Ренжідің несіне сонша маған.
Айналамда пәлекет көп қой менің
Азуымен етімді боршалаған.
Қырық жылдық қырсықпен қырқысып ем,
Сонда дағы көмейден гүл құсып ем.
Тар қапаста зарладым ақынға тән
Ісім болмай өмірдің түр-түсімен.
Айналамда күніге шөккен өлім,
Көгере ме, білмеймін, еккен егін.
Бомба түсті миыма бүгіндері
Несіне, апа, сен маған өкпеледің.
Жетіліп жүр талай жан саяңда есен,
Ал менің шеңгелі көп аян көшем.
Шағындым өзіңізге апалап кеп,
Ағайыннан айнала таяқ жесем.
Інің едім жолыңды жөн санаған,
Ренжідің несіне сонша маған.
Өзіңіздің орныңыз ерекше ғой
Айналама «жанашыр» толса да адам.
Құқайым да болар ма мұншама көп,
Кешір сен, жасықтықты қылсам әдет.
Алдыңа барар едім, қорқам, апа
Бет-жүзіме қарамай ұрса ма деп.

22 мамыр 2007 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қаңғыбас

  • 0
  • 0

Жамаулы киім кигенім,
Жарлылық сенен көремін.
Жағама қолдың тигенін,
Жалғыздық сенен көремін.

Толық

Әкемді еске алып...

  • 0
  • 0

Түсіме кірші менің, кірші менің,
Мен-дағы тіршіліктің дүрсілі едім.
Неге сен алыстадың менен, әке,
Жанымды жалғыздық жеп күрсінемін.

Толық

Қысқан кезде жан-жағымнан

  • 0
  • 0

Қысқан кезде жан-жағымнан,
Қайғы ауруға ем де қонбай.
Қолды жайып жалбарынғам,
Жайымды ұғар пенде болмай.

Толық

Қарап көріңіз