Өлең, жыр, ақындар

Басым сынып барады, басым сынып

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 907
Басым сынып барады, басым сынып,
Жарым отыр жанымда жасын сығып...
Құбыжыққа айналған қоғам мынау
Барлық сөлін ап қойған ғасыр сығып.
Миым түсіп барады, миым түсіп,
Қайыршының тіршілік күйін құшып.
Бір топалаң тигендей көрпе-жастық
Домаланған бөтелке, үйім – құсық.
«Кіммін өзі?» - біле алмай зәу-затымды,
Қалдырыппын таусылмас дауға атымды.
Қай жақтан пайда болды мендейлерің
Айыра алмас Құран мен Тәуратыңды.
Шайтан біткен жабықтан жыртыңдай ма
,Ниет бөтен бүгінде, құлқын майда.
Әруақтар сабады түнеукүні
Тегім қайда, Құдай-ау, ұлтым қайда?
Қарқылдайды басымда қара қарға,
Аузы ашылып қалмаған жара бар ма?
Мазақ боп жүр қара көз қалаларда,
Пана таппай тентіреп далаларда.
Кәлимаға келмейді тіл бұралып,
Текті болмас қашан да құл құралып.
Жақсы сөзді ұшырды долы дауыл,
Ниетімді кірмелер қылғып алып.
Басым сынып барады, басым сынып,
Жан-дүниемді ғаламат ғасыр сығып.
Айбалтамды сайламай болмас деймін,
Қалтасына дұшпан тұр тасын тығып.

4. 09. 2008.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлең менен адаспаса болғаны

  • 0
  • 0

Өлең менен адаспаса болғаны,
Жетті-ау деймін бәрінің де толғағы.
Ал Қәландар әлемге хат жолдады,
Есі барға бақ-дәулетің қонбады.

Толық

Қорқыт

  • 0
  • 0

Дәдәм Қорқыт, киелім,
Қаным менен сүйегім,
Сол заманда ағыттың
Қобызыңнын тиегін.

Толық

Қаңғыбас

  • 0
  • 0

Жамаулы киім кигенім,
Жарлылық сенен көремін.
Жағама қолдың тигенін,
Жалғыздық сенен көремін.

Толық

Қарап көріңіз