Өлең, жыр, ақындар

Ештеңені ешкімнен жасырмап едім

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 345
Ештеңені ешкімнен жасырмап едім,
Сойқанын салған немене басымда менің?
Қап-қара бұлт құшақтап көтеріп кетіп,
Қанатын жайып қоныпты жасынға өлеңім.
Жасының тулап от шашты сілкініп қалып,
Азар да азар басылдым жұлқынып барып,
Өлеңнің ауыр салмағын көтере алмай,
Тұншығып жатты көк аспан қылқынып, талып.
Мен жүрмін шалқып өлеңнің мамығын жастап,
Жер бетіндегі пенденің тамұғын тастап.
Періштелермен дос болып әуезі әсем,
Жоғалмайтұғын рухын таныдым асқақ.
Оқыдым жырды есінен тандырып бәрін,
Періштелердің де бір сәтке жандырып жанын.
Алты қат аспан құшағын айқара ашып,
Бойыма құйдым сол жерде мәңгілік қанын.
Қаламымды бал сия – асылға малып,
Ақ шапанды шал тұрды қасымда ағарып.
Ынтасын қойып Құдайдың бұйрық-әміріне,
Бара жатты өлеңім жасында жанып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қаңғыбас

  • 0
  • 0

Жамаулы киім кигенім,
Жарлылық сенен көремін.
Жағама қолдың тигенін,
Жалғыздық сенен көремін.

Толық

О дүние маған жат емес

  • 0
  • 0

О дүние маған жат емес,
Бұл дүние маған қат емес.
Сүйреп жүр мені әшейін,
Өзім де білмес жат елес.

Толық

Бүгін ешкім ат ізін салмады маған

  • 0
  • 0

Бүгін ешкім ат ізін салмады маған,
Өмірімді тағы да жалғады қалам.
Ауырғанда жолдастар есікті қақпай,
Жалғыз өзі кісінің қалғаны жаман.

Толық

Қарап көріңіз