Өлең, жыр, ақындар

Топшысы опырылып қаршығамның

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 253
Топшысы опырылып қаршығамның,
Жанымды жастайымнан жаншыған мұң.
Содан да болар бәлкім мен өзгеше,
Сен түсінбес тұңғиық жан шығармын.
Құлатқанда көпірден өткел-өмір,
Өкпелесем, тағдырға өкпеледім.
Қисайып қалған кезде демемеген,
Адамдарды несіне жек көремін.
Желкендерін тоздырған жауын-қарға,
Бағынған кемедеймін дауылдарға.
Бір мәре мен мұндалап тұрмаған соң,
Айналама ренжір дауым бар ма?
Жеткен самал секілді көктемеден,
Жан сырымды ешкімге төккен емен.
Жалғыз өзім дауылмен алыссам да,
Жан емеспін ешкімге өкпелеген.
Қайткенмен Күн нұрына жерік екем,
Ақ үміт өлтірмейтін серік екен.
Қысқа күнде қырық түрлі көрсем пәле,
Соның бәрін өзімнен көріп өтем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қысқан кезде жан-жағымнан

  • 0
  • 0

Қысқан кезде жан-жағымнан,
Қайғы ауруға ем де қонбай.
Қолды жайып жалбарынғам,
Жайымды ұғар пенде болмай.

Толық

Ештеңеге көңілім тұрақтамай

  • 0
  • 0

Ештеңеге көңілім тұрақтамай,
Сезімімнің елігі лақтамай.
Қызықтырмай жүр мені көктемдегі
Бүршігінен бал тамған шуақ маңай.

Толық

Өлең менен адаспаса болғаны

  • 0
  • 0

Өлең менен адаспаса болғаны,
Жетті-ау деймін бәрінің де толғағы.
Ал Қәландар әлемге хат жолдады,
Есі барға бақ-дәулетің қонбады.

Толық

Қарап көріңіз