Өлең, жыр, ақындар

Көктем келер кешігіп

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 669
Көктем келер кешігіп,
Оның, сәулем, несі мін?
Жел де соғар өшігіп,
Мәңгі сөнбес есімің.
Кеш гүлдейді өріктер,
Өмір де кеш ән салар.
Өзіңе өзің ерік бер,
Аймаласын сал самал.
Бұлақ ағарасығып,
Сай-саланы кезер мұң.
Өлең қалар шашылып,
Бәріне де төзермін.
Сыздап аққан үндемей,
Жұбатпайды тамшылар.
Сенсіз бөлме түрмедей,
Қалай ғана жан шыдар?!
Жылы жаңбыр даладан,
Тереземді шертеді.
Ойың болмас қалаған,
Өмір деген ертегі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білмеймін бұл өмірдің сұры қандай

  • 0
  • 0

Білмеймін бұл өмірдің сұры қандай,
Оншалық зауқым да жоқ құнығардай.
Адамдар бар пейлінен айырылған
Әкімдердің алдында жығылардай.

Толық

Бір күн келсе ұрыссыз құр кетпеді

  • 0
  • 0

Бір күн келсе ұрыссыз құр кетпеді,
Қарғысынан жүрегім дірдектеді.
Міндет етіп төбемді ояр ма екен,
Қорлығы асқан ененің міндеттері.

Толық

Ғашығымның дидары

  • 0
  • 0

Не болдым адам болып туылғанда,
Келмейді маған бақыт жуыр маңда.
Сілікпем шығып тағы қалжырадым,
Қарағым, ішетұғын уың бар ма?

Толық

Қарап көріңіз