Өлең, жыр, ақындар

Келтіре алмай қор болдым елесіңді

  • 13.04.2021
  • 1
  • 0
  • 292
Келтіре алмай қор болдым елесіңді,
Мына түнге елесің неге сіңді?
Жер-дүниеге өзімді сыйғыза алмай,
Уақыттан көрдім-ау көресімді.
Сағынудан шаршайтын соқты шағым,
Ішім жалын, күрсінсем от құсамын.
Түсім шығар деп ойлап шошынамын,
Сүйегімді еріткен от құшағың.
Өзімді-өзім барамын танымай мен,
Бері даймен келіп ем, ары даймен.
Кеудеңе әкеп басымды сүйедім мен
Ерніңдегі қандырмай тарыдай мең.
Деп жүруші ем мен саған тең бе екенмін,
Бақытты да шығар-ақ енді өтер күн.
Сені ғана кеудемнің бесігіне
Бөлеп қойып, бөлектеп тербетермін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айналаға отыра қап өренім

  • 0
  • 0

«Айналаға отыра қап өренім,
Жыр оқыдық түніменен» деп едім.
Мырс етті де былай деді бір досым,
«Қараңғы үйде қалай болды өлеңің?»

Толық

Дала аңыздары

  • 0
  • 0

Шемен ойды қозғадым шерленген соң,
Қалың қамыс секілді тербелген соң.
Ағайындар мені де «Балаш» десін,
Ие болса бопты да өлгеннен соң.

Толық

Қаратау бар қазаққа шаңырақ еді

  • 0
  • 0

Қаратау бар қазаққа шаңырақ еді,
Қапталда жетім қозы маңырап еді.
Басынан Қаратаудың көш көрінсе,
О баста көшті үркіткен қалмақ еді.

Толық

Қарап көріңіз