Өлең, жыр, ақындар

Сағыныш

  • 09.04.2021
  • 0
  • 0
  • 663
Қараша ауыл көңілдегі дертім ең,
Бала кезде құлағымнан шертіп ең.
Саған келдім, қам көңіл боп шерленіп,
Алып ұшқан жүрегімнің еркімен.

Қараша үйім, қабырғасы құт сіңген,
Кездерім жоқ сені ұмытып, күпсінген.
"Неге, ат ізін салмай кеттің?" дейсің-ау,
Қабағыңнан ұғып тұрмын тіксінген.

Амансың ба қария көл, қарт адыр,
Сені аңсадым жая жота, қарта қыр.
Сары үрпектеу балғын шағым монтиып,
Қарсы алдымда танауын бір тартады ұл.

Иіскеп әкем, күн иісті кекілді,
Әңгіме айтып отыратын не түрлі.
"Қасып бер" деп шақыратын арқасын,
Қалмаушы едім жанторсығы секілді.

Үлкендерден күнде еститін тыйымдар,
Сағындырды-ау, көңілімде құйын бар.
Анау жерде асық ойнап жатушы ек,
"Сағыз шайнап" қайтқан кезде сиырлар.

Сүт кенжемін, момын балаң мен емес,
(Асық үшін болған талай төбелес).
Жон арқамда әкем өрген бишіктің,
Билеп-билеп алғаны да жоқ емес.

Кейде солай абыройым шашылып,
Жыны алынған бақсыдай боп басылып.
Әкем қатты ашуланған кезінде,
Өз арқам да қалушы еді "қасылып".

Естелік боп, өткен күнім жаңғырдың,
Бәрін-бәрін, ауыл, сенде қалдырдым.
"Әкем мені сипапты ғой" деп күлем,
Қолы қатты көтерілсе тағдырдың...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күз

  • 0
  • 0

Өз қанына малшынып, тағы да бір күн өлді,
Аспан төмен салбырап, бұлтқа айналған жын өрді.
Екілене үдеген есер жаңбыр сорғалап,
Топырақты жердегі есалаң қып жіберді.

Толық

Білем сенің мүлде басқа байламың

  • 0
  • 0

Білем сенің мүлде басқа байламың,
Жағдайымды ұқтыра алмас жайдамын.
Кісікиік боп барады тағдырым,
Айтам сосын жұлдызға сыр, Айға мұң.

Толық

Ә-ге

  • 0
  • 0

Әдемім менің, әйбәтім менің, әдептім,
Әрәйнә таппай көңілге мынау әлекпін.
Әбігер болам әпенділеу бір адамдай,
Әйәйім менің, ағаңды әбден әуре еттің.

Толық

Қарап көріңіз