Өлең, жыр, ақындар

Ауыл таңы

  • 07.04.2021
  • 0
  • 0
  • 752
Аралап ем малды ауылды аз-ақ күн,
Әзіл-оспақ, әдет-ғұрып ғажап тым.
Көбі таңсық, ойлап қалдым мен өзім
Санатында бармын ба деп қазақтың?!
Ағай пысық, ұқсамайды қартыңа,
Аталардың адал екен салтына.
Оң жақта, әне, үй ішінде бір үй бар,
Жасырынған шымылдықтың артына.
Боз даланың бұзған тыныш ырығын —
Естіп жаттым бозторғайдың шырылын.
Мен де кеттім сол торғайға қосылып,
Тоқтата алмай жүректегі жыр үнін.
Шөп майысып, сәл қырауды жүк қылып,
Күзгі тұман танытқандай мықтылық.
Жарқ еткенде жайраң қаққан Күн сұлу,
Жанарлары жылт-жылт етті шық күліп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бесігің ауыл

  • 0
  • 0

Бесігің ауыл екенін қор боп сезбесең,
Отаның ауыл дегенге сорлап сенбесең,
Кіндігің кесіп, арманын жесіп атанды,
Ер еткен елі ауылы деген сөзге сен.

Толық

Түс

  • 0
  • 0

Түсімде көрдім анамды –
Ұсынған шұбат, нән зерең.
Тозса да нұрлы жанары
Көзінен ұқтым – мән терең.

Толық

Қимас арман

  • 0
  • 0

Ойлар туар бiрiн-бiрi жоқтасып,
Кейде қаңғып, кейде тура деп басып.
Отырамын кейбiреуiн шеттетiп,
Ал бiрiне өз ұлымдай жақтасып.

Толық

Қарап көріңіз