Өлең, жыр, ақындар

Асығып қайда барады?..

Арайлап атқан таңында бір,
Баласын күтіп ана жүр.
Көңілде күйбең мұң тұрса да,
Мән бермей жолға қарап тұр.

Келіп қалар міне деп,
Жүрегі талмай дүрсілдеп,
Ұзақтау күтті бір шама
Жолына қарап, елеңдеп.

Алыс жолдың басы еді,
Кемелер жүрген тас еді,
Үш кеме келе жатқанды,
Күн емес, түннің басы еді.

Көзімнің екі жанары,
Асығып қайда барады?
Асыққан екі кемесі,
Жол ортада қалады.

Таң емес түннің шамасы,
Суытқан желге қарашы.
Далада қалған қос жүрек,
Асығып қайда барады?

Белгісіз жердің түбінде,
Қасиет Жұмы күнінде,
Кетіп қалды бауырлар
Аспан үйдің төріне.

Жалғызым деп атаған,
Жүректегі тәтті арман.
Ботадай көзі ананың,
Мөлдіреп жасқа боялған.

Кім білісін бұлай боларын?
Бауырым кетіп қаларын.
Сенбеген қос бойжеткен,
Күтеді қоңырау шалғанын.

Десеңіз тағдыры жазылған,
Ажалы солай алдырған,
Қапамын қатал тағдырға
Қос бауырдан айырған.

Ұзақ жолдар үзілген,
Жүректер екіге бөлінген.
Өмірдің қиын сынағы,
Ешкімге аяу бермеген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар