Өлең, жыр, ақындар

Абайын ұрпақ таныса

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 399
Шанағын көздің жас кептей,
Биікке қадам басты ептей.
Тәуелсіз елге айналды,
Абайын халқы әспеттей.
Ұйыған нұрға алды әппақ,
Тарихты білген салмақтап.
Арманын қуып келеді,
Абайын елі ардақтап.
Жасаған жаңа жыр, мектеп,
Өнерім содан тұр көктеп.
Санасын сілкіп тазартты,
Абайын жұрты құрметтеп.
Мінезге мін боп дөкірлік,
Қаншама заман өкіндік.
Аллаһты қазақ тануда,
Абайын алтын көпір қып.
Жылдармен жүрміз жарыса,
Болашақ әлі алыс, ә?!
Адаса қоймас әмәнда,
Абайын ұрпақ таныса!
Жүрегін тыңдап алыптың,
Айтқанын тыңдап қанықтым.
Мақсаты жолда қалмайды,
Абайын сүйген халықтың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайда

  • 0
  • 0

Батырың қайда, дұшпаның келіп бағынған?
Тұлпарың қайда,
шаң жұқпас жүйрік сағымнан?
Қайсарлық қайда,

Толық

Айтарым

  • 0
  • 0

Дауы бар, жаласы бар,
Меншілдік өктемдік бар.
Тыңдасаң жан ашығар,
Есінде көп кемдік бар,

Толық

...Не деген тойымсыз ек?!

  • 0
  • 0

«Цунамидың толқынын» сезінбедің,
Мойындамай болғанын өзіңде мін.
Сәулең өшкен, санаңда қараңғылық,
Жанып тұрған болса да көзіңде күн.

Толық

Қарап көріңіз