Өлең, жыр, ақындар

Кездесесің қайғыға да, күлкіге...

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 617
Кездесесің қайғыға да, күлкіге...
Түскен шақта жұлдыз туып, түн түре,
Өтті әлемнен дүние қуған бір бейбақ,
Мәңгі иесі бола алмай бір мүлкіне.
Ұшқан жаны қайта қонбас кеудеге,
Көздің жасы төгіл, мейлі, сіркіре,
Басын қайта көтермейді ол пенде,
Босқа жұлқып, жағасынан сілкіме!
Дөң басынан пайда болды бір қабір,
Бабалары мекен еткен ілкіде.
Қайта келу енді бола қоймайды-ау,
Ойбай салып, жылап-сықта, күркіре...
Ұрпақтары асыраған әкеге,
Айта алмады иманды сөз бір тілеу.
Бәрін тастап бақи кеткен міскінге,
Қолдан келсе, Құран оқып нұр тілеу.
Ол марқұмның бар болса да ұл-қызы,
Абыржыды айналды да сілтіге.
Өлген жанға азық болар құраннан,
Опық жеді оқи алмай бір сүре.
Көп жүзіне қарай алмай қор болды,
Көкірегі қарс айрылып күрсіне.
Өйткені оның әкесі де ешқашан,
Оқымаған адам еді бір сүре.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұйқылының парқы не ояуменен

  • 0
  • 0

Ұйқылының парқы не ояуменен,
Өлі тәнге оны мен таяу дер ем.
Көзі ашықты ақ нұрлар аймаласа,
Ұйқы қоңыр қоршалар бояуменен.

Толық

Беріле бермей қиялға...

  • 0
  • 0

Беріле бермей қиялға,
Жағымды жырлар жазайын.
Беліме түскен құяңға,
Дәрігер берсін сазайын!

Толық

Дұрыс па?!

  • 0
  • 0

Жаңа жылдың түні ертең,
Жақындады...
Сайланып тұр салюттар атылғалы.
Отқа оранған аспаннан тірі тұрмақ,

Толық

Қарап көріңіз