Өлең, жыр, ақындар

Адам деп менің атым қойылғасын

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 350
Адам деп менің атым қойылғасын,
Тұрады жүректе иман, ойымда шын.
Білемін, барлығынан биік тұрар,
Есімім Аллаһ берген жойылмасын.
«Басеке», «Төрағаны»... пенде қойған,
Шығарып жалау еткен желден, ойдан.
Әкімдік әңгімеге қазық болды,
Мақрұмбыз «Керқұла атты Кендебайдан»
Жүрмін-ау от ішінде жалаңдаған,
Өткізбек өктемдігін заман маған.
Тегімді ұмытпаймын, тергелемін,
Берілген аманат жан – ол Алладан.
Жан мен тән қосылады шекті күнге,
Кезеді Жер шары мен көкті бірге.
Соққанда соңғы сағат бөлінеміз,
Мың шүкір, топыраққа тептім ірге.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бүгін тірі жүргендігім тік басып

  • 0
  • 0

Бүгін тірі жүргендігім тік басып,
Болу емес даяр асқа тік қасық.
Құлшылықпен еңбек ету Аллаһқа,
Тыңдап құран, Жұма намаз құтпасын.

Толық

Цунами

  • 0
  • 0

Цунамидың толқыны жайпап өтті жеті елді,
Мол шығынмен бір тосын өз міндеті өтелді.
Үнді мұхит тулап бір адамзатқа ой салды,
Тұншықтырып деміне қатты-қатты жөтелді.

Толық

Өзіммен шайқасып келем

  • 0
  • 0

Ей, менің, өтіп жатқан минуттарым,
Өмірдің жұқтыр бойға сый қып, нәрін.
Тамаша, қызық, думан, әуестіктің,
Бұл күнде жиыстырып, қидық бәрін.

Толық

Қарап көріңіз