Өлең, жыр, ақындар

Қарқара

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 767
Көрген жан таңғалады Қарқараны,
Алуан түс гүл жазира шартарабы.
«Тұзбұлақ», «Иірсу» мен «Құмтекейім»,
«Ереуіл» шежіресі жар салады.

Қарқара төржайлауым тарихымдай,
Даңқы бар жер жүзіне, танитындай.
Намысым, бойға біткен ақыл, күшім,
Киелі топырақтан даритындай!..

Қарқара қасиетті гүлді мекен,
Ерлікке тұғыр болып тұрды бекем.
Бір кезде шаһит кеткен боздақтарым,
Осынау туар таңды білді ме екен?!

Қысында аңға шығып қырауласаң,
Көктем де әнге басып жыр ауласаң.
Құлындай құлпырасың жаның сергіп,
Жазында шалғынына бір аунасаң.

«Мың жылқы», «Талды» басы көп қарағай,
«Иран бақ» Көкпар тартқан топ баладай.
Түлеген бауырыңнан ұл-қыздарың,
Бал жиып байтақ елге кетті арадай...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Белгісіз болғандықтан ертеңгі күн

  • 0
  • 0

Белгісіз болғандықтан ертеңгі күн,
Естілер жер бетіне өлшемді үнім.
Табиғат – бір Алланың мұғжизасы,
Кеудеме қондырамын көркемдігін.

Толық

Көкпар десе...

  • 0
  • 0

Көкпар жайлы айтқан сайын жетілем,
Ат үстінде азамат боп бекігем.
Желдей естім жарыстарда көппенен,
Жүйрік міндім аса бере жетіден.

Толық

Айналып келіп тәніңді

  • 0
  • 0

Айналып келіп тәніңді,
Жүрегіңе құятын,
Ағысы барда қаныңның,
Тірліктен үлес жиясың.

Толық

Қарап көріңіз