Өлең, жыр, ақындар

Мен күлуді доғардым

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 543
(Анна Ахматовадан)

Мен күлуді доғардым,
Мұздай боп ернім тоңған ем.
Бір үміт тағы жоғалды,
Бір өлең артық болғанмен.
Еріксіз беріп әнімді,
Келемеж бенен мазаққа.
Отырам сосын жанымды
Үнсіздігіммен азаптап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағыныш тырнағын батырды

  • 0
  • 0

Сағыныш тырнағын батырды...
Ештеңе қалмады татымды.
Есімнен шығарып барыңды,
Ұмытып қалсам ғой атыңды.

Толық

Тағы да мұңымды төгемін

  • 0
  • 0

Тағы да мұңымды төгемін.
Не үшін жылаймын?
Білмеймін себебін.
Еңсемді езгенде өксіктің салмағы

Толық

Торлады ма жанарымды әлде мұң

  • 0
  • 0

Торлады ма жанарымды әлде мұң,
Үздігемін, үзілердей әл-демім.
Түсінші деп кімге айтамын, жаным-ау,
Өз-өзімді ұға алмайтын халдемін.

Толық

Қарап көріңіз