Өлең, жыр, ақындар

Жанымнан шып-шып мұң шыққан

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 583
Жанымнан шып-шып мұң шыққан,
Мұң менің білем, несібем.
Сезімім нәзік қылшықтан,
Пернемді бассаң шешілем.
Ағыл да тегіл төгілем,
Шақ тұрған көңіл шағынсын.
Сөйлесіп жүрем өлімен,
Тірілер мені нағылсын?
Қарлығаш болсам ақтамақ,
Кетер ем бір сәт қиянға.
Пенделер мені қақпалап,
Өлтірер ме екен ұямда?
Барар жер, басар тау қалмай,
Алжыған иттей шөмидім.
Басымнан бақыт ауғандай,
Көңілге көміп,
Көң үйдім.
Батады кесел жанға абат,
Көкесін көрдім езгінің.
Миымды біреу балғалап,
Кеудеме сұқты кездігін.
Жайымды менің сезді кім?
Азапты кештім сан қабат.
… Ез болып шыққан – өз мінім,
Құлдыққа салшы жалдап ап …



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Толқынды өмір білемін

  • 0
  • 0

Толқынды өмір білемін
Ырқыңды алған,
Тосып жүрдің еріксіз бір күнді алдан.
Жолықпадың

Толық

Нысана

  • 0
  • 1

Қызыққа толы сәнді өңір,
Сағына соны аңсадым.
Жайлауын іздеп сал-көңіл,
Есіме түсті бал шағым.

Толық

Қашаған

  • 0
  • 1

Шығаннан шығып, жеткізбей не бір саңлаққа,
Ілінбей кетті-ау ...
Қашаған екен, қармаққа.
Соңынан салған қос жігіт лағып,

Толық

Қарап көріңіз