Өлең, жыр, ақындар

Әсте тоқтап көрмеген ғұмыр-ағым

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 309
Әсте тоқтап көрмеген ғұмыр-ағым,
Жетегімен әрнеге ұрынамын.
Кең дегенім – тар екен,
Сөйтсем, сөйтсем –
Ішіндегі диюмын құмыраның.
Болмақ емес жалғанда азат басым,
Жолдан тайып жолықтым кәззапқа шын.
Қиянат көп пендеге мен жасаған,
«Қарулыға – ерулі»
Азаптасын.
Келіп еді әлеумет қорғап, бағып,
«Мың жолдыны – бір жолсыз сорлатқан» ұқ.
Сыздағанда сүйегі қазағымның,
Тартшы менің жанымды сорбақта ғып.
Алып қашып барады адасқан күн,
Салғанына Құдайдың таласқан кім?
Қалың ойдан бастырып,
Құрым жабу,
Ұйқы көрмей кермеде таң асқанмын.
Қарап тұрсам қамауда, зындандамын,
Уысында қалыппын сұм жалғанның.
Өрмекшінің
Шыбындай торындағы,
Қайла таппай бұлқынып, жынданғанмын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағыныш шілдесі

  • 0
  • 0

Жаным менің жырым-жырым,
Жақыбай,
Кешіп келем,
Көр-жеріңді тат, лай.

Толық

Дір-дір етіп саусағың құшақтадың

  • 0
  • 1

Дір-дір етіп саусағың құшақтадың,
Өмірімде болса егер үш-ақ бағым.
Бірі – өзің деп санадым, періштем-ау,
Арманымдай көгімде

Толық

Еркеле, жаным, жарым

  • 0
  • 1

Еркеле, жаным, жарым,
Сүйкімді қылығыңмен.
Білесің сарын барын,
Жалғасқан ұлы күнмен.

Толық

Қарап көріңіз