Өлең, жыр, ақындар

Балға

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 432
Құл базары –
Адамды саудалаған,
«Тауар» тұрған көңілім аулаға алаң.
Күңі бөлек тізілген, құлы бөлек,
Ақсүйектер алшаңдап, қаумалаған.
Аукционшы таратар дарақы ақпар,
Көңіл түбі бәтірдің қара қатпар.
Мағынасыз ғұмырды кешіп жүрген,
Құл мен күңнің жанында жарақат бар.
Мойыны, иіні бәрінің салбыраған,
Үстемдігін жүргізді
Қаржы ...
Ғалам ...
Тек бір әйел қолында нәрестесі,
«Айырма, – деп, – күнімнен».
Зар жылаған.
Қара құл да сөйледі қалжыраған,
Міз бақпайды сазарып Қаржы-Ғалам.
– Бөле көрме!
Әйел мен перзентімнен ...
Біз үшеуміз табыссақ «қанжығадан».
Адал болам біткенше демім менің,
Қожайыным!
Өзіңсің көгімде – Күн.
Сатып алса бір ғана плантатор,
Ал әйтпесе, мен үшін өлім де – мін.
Езу тартты
Аққылшық мысқылменен,
– Жетеді екен бұл құлда
Күш, құн деген!
Сатып алып,
Қолма-қол дүре соқты,
Қала берді
Әйелі мүскінменен.
Аукционшы сөйледі жүре қыртып,
Әлем төне түседі күреңітіп.
... Тарс етті де балғасы темір төске,
Аунап түсті сәбидің жүрегі үркіп ...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалың ойдың

  • 0
  • 0

Қалың ойдың
Жатырмын далдасында,
Жабығу мен торығу
Жамбасымда.

Толық

Үлбіреген үстіңде көне көйлек

  • 0
  • 1

Үлбіреген үстіңде көне көйлек,
Сұлулықты тұрғаны көлегейлеп.
Қос анардың ұшында барқын дағын,
Сипап өттім жабысқан кене ғой деп.

Толық

Шер жамылған мұңлы аймақ: сағым-әжім

  • 0
  • 0

Шер жамылған мұңлы аймақ: сағым-әжім,
Құйын қашты бет алды тағы мәжін.
Одан басқа селт еткен дәнеңе жоқ,
Тыныштықтан жындандым, қажығамын.

Толық

Қарап көріңіз