Өлең, жыр, ақындар

Жігіттік

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4353
Жігіттіктің екпіні -
Қаптаған қара дауылдай!
Күркіреп жауған көктемде
Қара нөсер жауындай!
Тұтынса берік, тозбайтын -
Күдері қылыш бауындай!
Жігіттікте қайғы жоқ,
Қадірін біліп күте алса,
Он екі мүше сауынды - ай.
Аңсары ауып сол кезде,
Әркімдер жеңсік болды -
Жаңа піскен қауындай.
Безенген жігіт сыналар -
Қарындастың дауында - ай.
Басылады бір күні
Бірте - бірте сол дәуір -
Мұнарланған сағымдай.
Желдей заулап басыңнан,
Өте шығад шұбалған -
Бәйге атының шаңындай.
Алладан ақуал келгенде,
Батырлар тұрмас бағында - ай.
Жаһанды жалғыз билеген
Патшалар тұрмас тағында - ай.
Алаш дұшпан, мысалы,
Аңдысып тұрған көзіңнің
Қарасы мен ағындай.
Мен сендерді көрмесем,
Қалайынша сондықтан
Шыдайын не ғып сағынбай?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлеңнің аққан көзі едім

  • 0
  • 0

Қайыңның қатты безі едім,
Өлеңнің аққан көзі едім!
Сөйлер сөзге келгенде,
Шебердің құрған тезі едім!

Толық

Өзімдей - ақ ұл туар

  • 0
  • 2

Дабылымды есітіп,
«Құмар» дейді көрмекке
Сонау жатқан төменгі -
Астраханның бойында,

Толық

Кермиығым, кербезім

  • 0
  • 0

Кермиығым,кербезім,
Керілген аттай шандозым!
Бір көруге сендерді,
Құмар едім мен де өзім.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар