Өлең, жыр, ақындар

Дала мамық, сана мамық

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 456
Дала мамық, сана мамық,
Мамық күн,
Аяз келді көзіме өрнек салып тым.
Қаңтар туды,
Ескі жылды
Ұзаттық,
Мәртебесін биіктеткен халықтың.
Көрінсек деп ұмтылып-ек
Заңғардан,
Еркіндікті
Аңсап талай қарманғам.
Көксегенге қолым жетті,
Көксеңгір,
Қаһармандық туады екен арманнан.
Өткен жылға
Өкпеміз жоқ,
Ерледік,
Отауымда – тәуелсіздік!
Көр, келіп.
Дос табам деп қилы-қилы қиырдан,
Құлаштарды
Алыстарға сермедік.
Айтарлықтай жақсылыққа кенелдім,
Жұтаңданған
Тапшылыққа кенелдім.
Рухы мықты
Қалың жұртым мойымас,
Келер жылда жатса керек,
Кені – елдің.
... Жаңа жылда
Ырыздыққа бөленгін.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Ұлы жіңгір боз дала

  • 0
  • 1

Дархан дала!
Топырағың құнарлы,
Тудың не бір тұлпарлар мен қыранды:
Қазақстан, қайта жаңғыр!

Толық

Қоңыр дөң, қойнауыңда қоңыр лашық

  • 0
  • 0

Қоңыр дөң, қойнауыңда қоңыр лашық,
Маңдайын жел ұрады – о, бір ғашық.
Миқиған қарамайды керегеге,
Шалжияр дөң үстінде өңірді ашып.

Толық

Келмей қойды тірлігім ымыраға

  • 0
  • 0

Келмей қойды тірлігім ымыраға,
Әддім қалмай қол созам құмыраға.
Тарыдай бақ бітпеген тасмаңдаймын,
Ашылмады жолым бір ғұмыры, аға.

Толық

Қарап көріңіз