Өлең, жыр, ақындар

Түсімде де кеспіріңде мұң қалың

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 359
Түсімде де кеспіріңде мұң қалың,
Әлденені маған айтып, бұлдадың.
Әжіміңді жас ағады қуалай,
Суындай боп, көктемгі бір жылғаның.
Қайран шешем, қорлыққа анық қамалған,
Тағдырының татасына таланған.
Қаңырығың ылғи түтеп жүреді,
Бір рахат көрмедің-ау балаңнан.
Амал қанша,
Болмағаны қам, айлам,
Көшіп кеттім, қоныс таппай маңайдан.
Жиі оянам көз жасыма тұншығып,
Сен түсімнен шықпайсың ғой
Талайдан.
Жүрсің-ау сол, әр нәрсеге қамығып,
Көз жұмарсың түн ішінде талығып.
Бейнеттерге белшеңнен кеп, батасың,
Отырғанда ел бақ-дәулетке малынып.
Қайран шешем, қорлық көрген жалғаннан,
«Ұл таптым» деп, сол бір сөзді малданған.
... Бәрімізді жалғыз өзің асырап,
Күллі ауылды таң қалдырдың,
Таңданған.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жауыздыққа жаны қас

  • 0
  • 0

Жауыздыққа жаны қас,
Дес бермеген,
Ақиықтың ұрпағы ем төске өрлеген.
Сахарадай кеудемді күмбір-күмбір,

Толық

Қыдыр керуені

  • 0
  • 0

Әз жүреді: Қызырдың керуені,
Шеру өтсе тоңыңның ерігені.
Дөй даланы жасантар,
Көксегенім –

Толық

Ай неге жалғыз?...

  • 0
  • 0

Ай неге жалғыз?
Ал, жұлдыз неге көп мүлде?
...Сен де бір сона-а-ау шоғырға аман жеттің бе?
Бақаныңды алып, балтаңды сайлап нойысша,

Толық

Қарап көріңіз