Өлең, жыр, ақындар

Жанарымнан жас ақты бұршақтаған

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 429
Жанарымнан жас ақты бұршақтаған,
Жүрегімде шер қалың жыр сақтаған.
Қай жағада қаламын бордай тозып?
Берер емес қу тағдыр мұрсат маған.
Бүрі жоқ қой бедерлі табанымда,
Тұман ойдан бөлінді сана мыңға.
Сен де жүрсің құр іштей үгілумен,
Ызғары бар құсаның жамалыңда.
Таңға жақын жылайсың байғыздайын,
Көзің – нілді, бетіңде – айғыз дәйім.
Махаббатың – қасірет, мүжілесің,
Жеп бітеді түбінде әй, бізді уайым.
От түтетіп, бір кезде одақ құрдық,
Иба менен сезімді тонаттырдық.
Екеумізді жазбапты мәңгілікке,
Құйрығындай көкжалдың шолақ тірлік.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Бозаң дала бір-ақ күнде гүлденді

  • 0
  • 0

Бозаң дала бір-ақ күнде гүлденді,
Тозбайтындай торғын шәйі жамылып.
Кең дүние мамыражай күйге енді,
Қызыл-жасыл бояуларға малынып.

Толық

Азғырынды, бәтуасыз сөзге еріп

  • 0
  • 0

Азғырынды, бәтуасыз сөзге еріп,
Кешші жаным, кетіппін ғой өзгеріп.
Менің милау екенімді білген де,
Жадылаған бір жылмиған көз ... көрік.

Толық

Көкейден кетпей жүрген, көгілдірім

  • 0
  • 0

Көкейден кетпей жүрген, көгілдірім,
Көзіме елестейді
Өрім күнің.
Сәл ғана жанарыңды ніл шалғандай...

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар