Өлең, жыр, ақындар

Сен жыладың – тірлікке ашынғаның

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 410
Сен жыладың – тірлікке ашынғаның,
Ойран болған әуелде-ақ жасыл бағың.
Нәркестенген көзіңде мұң қаншама,
Тәлкектер де жетеді басыңда мың.
Тимеді ме бір мысқал себім менің?
Жүрегіңді қайғымен желімдедім.
Жұбатудың қажеті жоқ та шығар,
Сыртқа шықсын жаспенен көңілдегің.
Жыла, жыла!
«Қойшы» деп, өтінбедім,
Мен де жаным, ызғардың өтіндемін.
Бір-ақ күнде жат жанға сен айналсаң,
Бөгде болып кетуге бекінгемін.
Жыла, жыла!
Баса алмай солығыңды,
Қарғап-сіле қайырсыз долы күнді.
Жүргеннен соң жер басып, ілдәлдалап,
Күйдірмейді қорлықтың шоғы кімді?
Арманың да беймезгіл қырқылыпты,
Белгілі ғой өмірдің ырқы мықты.
...Аңдамадым көзімнің шарасына,
Лықсып келіп ыстық жас іркіліпті.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Терезесі көңілдің шытынады

  • 0
  • 0

Терезесі көңілдің шытынады,
Жүрегімнің аңғарсақ жұпыны әні.
Сылқ-сылқ еткен бұлақ та күлмес бүгін,
Көз қаратпас қызыл күн тұтылады.

Толық

Күл

  • 0
  • 1

От едім мен бір кезде лапылдаған,
Жуымаған еш пенде батыл маған.
Қуаң тартқан сүреңсіз күлге айналдым,
Қонымды ма, білмеймін атым маған?

Толық

Қара ат көрдім жапанда лаға безген

  • 0
  • 0

Қара ат көрдім жапанда лаға безген,
Сәйгүлікке құмар ем бала кезден.
Ұлытауды кісінеп үш айналды,
Мөлт-мөлт етіп ыстық жас тана көзден.

Толық

Қарап көріңіз