Өлең, жыр, ақындар

Аңызақ жел

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1458
Аңызақ жел.
Сүрлеу жол.
Құба белдер,
Шағыл құмнан кездеспес тұма, көлдер.
Ұшқан құстың қанаты күйіп қалып,
Шөлге ұрынып мерт болған Құлагерлер.
Сол соқпақпен келемін елім-телім,
Ән саламын: даламды егілтемін.
Мезі қылса сүреңсіз қу мекиен,
Желпіп алам жыр оқып көңіл көгін.
Бұл сапарда қалайша сынсын сағым,
Жасқанбаймын, еш жерде қымсынбадым.
Кеберзіген сәттерде ернім кеуіп,
Ілиястың жырымен сусындадым.
Дала жатты шөліркеп, тымырсық тым,
Ыстық дауыл – түтейді қиыршық құм.
Ілбіп келем, аптаптан – бас айналды,
Көз алдыма елестеп түйіршік мың.
Арман-үміт сәулесін өшірмеді,
Аяусыз-ақ пәңгітті кесір мені.
... Абыз Абай бастаған ұлы жолда,
Баяу ғана жылжиды көш ілгері.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір бақытты мен күтетін әкелер

  • 0
  • 0

Бір бақытты мен күтетін әкелер,
Болашақтан туса сондай сәт егер.
Әйтсе дағы болып жатыр қателер.
Шапағымен еркелетіп, мәпелер,

Толық

Ұяңдығың – тым әсем

  • 0
  • 0

Ұяңдығың – тым әсем,
Ақпалаған,
Сені көрсем –
бір сәтке шаттана алам.

Толық

Кеудеңе шер құямын шүпілдеген

  • 0
  • 0

Кеудеңе шер құямын шүпілдеген...
Жүрсің бе жолға қарап күтуменен?
Жәутеңдеп қос жанарың сағынарсың,
Айналдым жүрегіңнен лүпілдеген.

Толық

Қарап көріңіз