Өлең, жыр, ақындар

Көсілсем деп ем сетердей

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 400
Көсілсем деп ем сетердей,
Иыққа мінді сергелдең.
Сөздерім өлді бекер кей,
Қысымын жұрттың көтермей.
Арыла алмадым шерлерден.
Талабым тас боп тынам ба?
Қай жақтан салам соқпақты?
Кетсем-ау, шырқап шығанға,
Шалдырмай соқыр тұманға.
Дүрсілде, жүрек, соқ қатты.
Таңдарым атты талықсып,
Түздерім жатты танаурап.
Жусанда тұрды налып шық,
Жоғалған сағым – алып шыт.
Қашады менен бәрі аулақ.
Еш жерден таппай барқадар,
Қабағым мұңлы сүлкиген.
Түрім жоқ ойды сарқа алар,
Жүгім көп талмай арқалар.
Іш – кеуек, сыртым күмпиген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкпар-өмір

  • 0
  • 0

Көз ұшында,
Алысқа самғаған ат,
Бойға желік бітірді, жанға – қанат.
Ақбоз мінген бозбала ағызып кеп,

Толық

Шырағым менің, шырағым

  • 0
  • 0

Шырағым менің, шырағым,
Жаныңды басқан сірә мұң.
Жойдасыз болды
Төтеннен

Толық

Жалпақ жұртты жасытып, жайтаң қағып

  • 0
  • 0

Жалпақ жұртты жасытып, жайтаң қағып,
Шығып алып, мінбеден айқайладық.
Кеңселерде кербезсіп, кейкиеміз,
Көшелерде көк тіреп, қайқаңдадық.

Толық

Қарап көріңіз