Өлең, жыр, ақындар

Пірге ілесіп, әмбимен жолығыстым

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 282
Пірге ілесіп, әмбимен жолығыстым,
Періштемен періште болып ұштым.
Пайғамбарлар сөз айтты парасатты,
Жөн үйрендім Абызға қонып үш күн.
Қыдыр көрдім, Бақ көрдім.
Есендестім,
Енді ала алмас бұдан соң есемді ешкім.
Пенделердің арасы пәтуасыз,
Періштелер ішіне көшем ...
Көштім.
Құтылдым ба бәлелі былықтардан ...
Табылады қашан да қылық қардан.
Пері қызы Бекторы сылаң қағып,
Кес-кестеді жолымды құрып қалған.
– Қонып аттан, бекзада, жат үйде, ұйықта ...
Алпамыстай ашулы ақидық па.
Пері кетті жайына ...
Періштемен –
Аяқ бастым бағзыдан бақилыққа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мырзалардан көшесінде қаланың

  • 0
  • 0

Мырзалардан көшесінде қаланың,
Ине шаншар орын таппай
Қаламын.
Мистер Проктор «Анкараға» кеп түсті,

Толық

Тағы бүгін таусылдым табанымнан

  • 0
  • 0

Тағы бүгін таусылдым табанымнан,
Түк шықпады таудай-ақ талабымнан.
Жоқтығы ғой бармақтай бақтың баста,
Сорым екен көремін тауанымнан.

Толық

Ақ боз ат, ақ боз аяз, әппақ дала,

  • 0
  • 0

Ақ боз ат,
Ақ боз аяз,
Әппақ дала,
Кім кімнен қарап тұрсам таппақ пана?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар