Өлең, жыр, ақындар

Өксігіңді баса алмай кемсеңдедің

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 316
Өксігіңді баса алмай кемсеңдедің,
Арманыңды күл етті ең сенгенің.
Кірпігіңді қуалап жас тамады,
Жұбатам деп мен сені белсенбедім.
Өмір бізді айдады соқпағына,
Келіспеймін тағдырдың тоқтамына.
Аптабына араптың апталғанмын,
Жандыра алмас жанымды от та мына.
Іркілмедің, жасыңды тия алмадың,
Сығымдады миыңды қияндағы үн.
Азып-тозып, барасың аймен бірге,
Сенің балғын кезіңді қиялдадым.
Арман, арман... барлығы – аңыздай шын.
Жүйрік жылдар жалмауыз, жауымдайсың.
Бір тал жас боп үзілсем ел көзінен,
Көп көресің соны да тамызбайсың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болашаққа көз тастадым

  • 0
  • 0

Болашаққа көз тастадым,
Күн салып,
Өмір жарқын болармысың мұншалық?
Келеді екен қазағымның маңдайын,

Толық

Тағы бүгін таусылдым табанымнан

  • 0
  • 0

Тағы бүгін таусылдым табанымнан,
Түк шықпады таудай-ақ талабымнан.
Жоқтығы ғой бармақтай бақтың баста,
Сорым екен көремін тауанымнан.

Толық

Ұзақ та келді, көктем де ұзамас енді

  • 0
  • 0

Ұзақ та келді, көктем де ұзамас енді,
Қатыбас қысың қыстады жүдә «мас» елді.
Сынықсып қалды жүзіміз, апшыды тағдыр,
Мың ағаш өліп, әттең-ай, жүз ағаш өнді.

Толық

Қарап көріңіз