Өлең, жыр, ақындар

Алай-түлей құйқылжыған сан алап

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 482
Алай-түлей құйқылжыған сан алап,
Алпауыттар көрді тесті сабалап.
Аспанның да көзін ашты жыртитып,
Қара ниет, ал өңдері – шамалы ақ.
Күн кешіп жүр мәймөңкелер сағалап.
Жалғанның да жалғаны бар, шіркін-ай,
Мына күннің пейілінің шырқын-ай.
Көздің жасын домалатып кеудеге,
Қара түтін будақтайды, мұрты – май.
Жыртыңдайды мерейі үстем салдақы,
Жүрегімнің оқылмады сан хаты.
Періште еді он бестегі пәк қыздай,
Сайқалдыққа толып апты Алматы.
Күшіктер көп нан дәме еткен, қаңғыбас,
Қызыл тілі салбыраған сан құлаш.
Алпауыттар аудармады көңілін,
Жан әлемі сол баяғы, қалды лас.
Беті жылтыр, өңі – айнадай жар тапқан,
Түзге тастар салса дағы қарты аттан.
«Мәдениеттің мәдениеті – менде» дер,
Ал пейілі арылмаған сар таптан.
… Жынды дауыл терезе ұрды сабалап,
Миды азғырды үніменен сананы ап.
Жүрегімді адалдықтан таймаған,
Кеткені ме табалап?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұйқым менің келмейді

  • 0
  • 1

Ұйқым менің келмейді,
Арбасамын,
Тауға соғып басымды, жар басамын ...
Адымымды

Толық

Жігіт, – деп те айтады, – тасы өрлеген

  • 0
  • 1

«Жігіт, – деп те айтады, – тасы өрлеген»,
Сөзі шығар
Бұ жұрттың дәсерлеген.
Кермек дәмін татқанмен қу тірліктің,

Толық

Ей, менің қайран ғұмырым

  • 0
  • 0

Ей, менің қайран ғұмырым,
Жағаға барып жығылған,
Соңымда қалды бір ұлым,
Түгі жоқ басқа тұлымнан.

Толық

Қарап көріңіз