Өлең, жыр, ақындар

Жарық күн

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1457
Құмарымнан шыға алмадым, Жарық Күн,
Шытырманын тірлігімнің жаңа ұқтым.
Тырнап ашып көздерімді қарап ем,
Бір салқындық қабағыңмен таныттың.
Аямашы ақ сәулеңді, Жарық Күн.
Өрем жетпес күрделі іске барыппын,
Пенделерді ес-ақылға жарыттың.
Әлдекімдер киіз басып ақшадан,
Қаперінде жоқ ештеме, қарық тым.
Сен соларды жөнге салшы, Жарық Күн.
Ақпанда аяз кетті өкпемді қарып тым,
Бара алмадық байыбына парықтың.
Әлдебіреу буындырды шындықты,
Көтере алмай мен қолымды тарықтым.
Көмектесші, құдіретті Жарық Күн.
Қарар дейсің қара қылды жарып кім?
Ести ме үнін уға бөккен ғаріптің.
Бұл саясат сайқал қатын секілді,
Көңілі ауса көңіл қосар барып кіл.
Сен де соған бағындың ба, Жарық Күн?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Періштесің жүрекке сыр тұндырған

  • 0
  • 1

Періштесің жүрекке сыр тұндырған,
Асқан бақыт табылмас шіркін, бұдан.
Ғашық еттің мәңгілік жанарыңа,
Ішімде – күй, шалқыған сыртымда да – ән.

Толық

Таулар, таулар

  • 0
  • 0

Таулар, таулар ...
Қол созам шоқтығыңа,
Ұшқын шаштың сезімнің оттығына.
Бала қыран мен едім түлеп ұшқан,

Толық

Бұл жалған тегі шытырман

  • 0
  • 0

Бұл жалған тегі шытырман,
Таба алмай келем арнасын.
Санасын елдің жұт ұрған,
Белгілі ұзақ бармасым.

Толық

Қарап көріңіз