Өлең, жыр, ақындар

Ойнап жүрген бір сәби: «Ұшқыш болам» деп күледі

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 276
Ойнап жүрген бір сәби: «Ұшқыш болам» деп күледі,
Қажетінше суғарсақ, солдырмаспыз көп гүлді.
«Болам, – деді, – ғарышкер».
Тампыш танау кекілді ұл,
Армандары тым биік, қиялдары екпінді.
Тыңдамады ешкім де сәбилердің былдырын,
Шешіп қойған тағдырын ата-анасы күн бұрын.
Роялға апарып, отырғызды шегелеп,
Кетті үзе алмай небір тай тас байланған шылбырын.
Мынау өмір қып-қызыл қайнап жатқан қырман, ә-ә,
Қайна-қайна бірақ та, сыбағамды ұрлама.
Бұрымды қыз аңғалсың, мініп алып сырғаңа,
Ғарышқа ұшты асқақтап, шәркей киген бір бала.
Тартып жүрміз тірлікте тауқыметтің құнын кіл,
Бармақ тістеп өкінді бір кездегі тұлымды ұл.
Байқоңыр тұр тәкаппар, босағадан қаратпас,
... Шаға алмайтын ешкімге, айта алмайтын мұңым бұл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Келбетке

  • 0
  • 1

Тәп-тәтті қылығың,
Былдырың шырын-бал.
Сеп-селдір тұлымың,
Айналдым мұрыннан.

Толық

Ақ адыр, адыр жон ассаң

  • 0
  • 0

Ақ адыр, адыр жон ассаң,
Қазбауыр бұлтқа толы аспан.
Жолықты жолай әлдекім,
Тұр екен тіреп қолы аспан.

Толық

Ұлытау

  • 0
  • 0

Әр тасыңда тарихым бар сарқынды,
Жүйрік жылдар түсіре алмас парқыңды.
Көз алмадым шодыр-шодыр шоқыңнан,
Сес көрсеткен айбынымен тартымды.

Толық

Қарап көріңіз