Өлең, жыр, ақындар

Көктемнің түні ызғырық

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 351
Көктемнің түні ызғырық,
Суынған менің сезімім.
Бермейді өмір бізге ырық,
Күңгірттеу – тірлік, мезімін.
Жанарға жүрмін шық байлап,
Көзіме тұтып кірбіңді.
Үмітім алдан шықпай қап,
Өлтірдім ішіп бір күнді.
Көңілім жатыр аһ ұрып,
Жүрегім қалды қанқақсап.
Тереңге тәлей батырып,
Қиырға атты қаңбақша ап.
Сенделдім сосын сенделдім,
Көшені кезіп, тентіреп.
Хатыңды оқып емделдім,
Болдың ғой, қалқам, сен – тірек.
Тырбанам өрлеп, шатқалда,
Шығарар өмір үкімін.
Бақытым болып ақ таңда,
Келесің қашан, үкілім?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Меңдейді мұң, жаныма салып кірбің

  • 0
  • 1

Меңдейді мұң, жаныма салып кірбің,
Қасаң тірлік қажыттың, жалықтырдың.
Бақыт екен әкемнің тірі кезі,
Мендей болып өмірде тарықты кім?

Толық

Тимеген-ау есіл бақтан жұрқанақ

  • 0
  • 0

Тимеген-ау есіл бақтан жұрқанақ …
Құрым базар,
Қайшалысқан жұрт абат.
Қара суды сатты біреу,

Толық

Шер жамылған мұңлы аймақ: сағым-әжім

  • 0
  • 0

Шер жамылған мұңлы аймақ: сағым-әжім,
Құйын қашты бет алды тағы мәжін.
Одан басқа селт еткен дәнеңе жоқ,
Тыныштықтан жындандым, қажығамын.

Толық

Қарап көріңіз