Өлең, жыр, ақындар

Көктемгі жел

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 463
...Сыңғырлап бір күлдіңіз,
Еріп кетті көңілдегі сүңгі мұз.
Айтыңызшы, бұған дейін көрінбей,
Қай көшемен, қалай тыныш жүрдіңіз?
Қазір көктем қырда қызу құтты шақ,
Сыз басар тек кер кеудені дық қысап.
Балқаш жатыр қыртыстанып мұз төсі,
Кілегейі алынбаған сүт құсап.
Сықпыты осы мұз көлдің,
Сұрғылт тастар жағалауға тізген мұң.
Бүр бітпеген бұталарды менсінбей,
Шықпайды жел маңымыздан біздердің.
Бүрсіз бұта сағынады жыл құсын,
Қыртыстанып мұз боп жатыр күллі ішім.
Сүттей аппақ аңғал күнін аңсайды,
Іртік-іртік іріп кеткен тұрмысым.
Ал сіз күліп тұрдыңыз,
Көптен күткен көктем болар құрбыңыз.
Айтыңызшы, бұған дейін көрінбей,
Қай көшемен, қалай тыныш жүрдіңіз?..
2001.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балқаш балладасы

  • 0
  • 0

Жағаға келіп толқындар сүйіп кемерді,
Лықсиды кейін бұдан да таппай бір ләззат.
Құмдауыт жерді жек көріп кетеді ол енді,
Жаралы жанын жайсыздау мұңы тырналап.

Толық

Мәліксай. Мәди моласы

  • 0
  • 0

Мына ауаға тұнып қалған сықылды
Мәди-жырдың мәрт, тәкаппар бітімі.
Қына, тасқа сіңіп қалған сықылды
Жасановтың мылтығының түтіні.

Толық

Жамшы. Ұрыңқай тауы

  • 0
  • 0

Ей, қазақ, есіңде ме, ежелгі жыр,
Жыр сынды жылап аққан өзен ғұмыр?
Іргеге Ораң, Қайдай* дұшпан ел кеп,
Сұр жебе адырнада кезеулі дүр.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар