Өлең, жыр, ақындар

Сәуір

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 429
Көкше теңіз, жағаңа көктем кеп тұр,
Көктем кеп тұр — аспаны көкпеңбек нұр.
Жиырма үшінші көктемім бүрін жарып,
Қыс қылтадан қырқылып, қыбым қанып.
Көк теңіздің отырмын жағасында
Ерік беріп сезімге — шығынданып.
Теңіз жатыр көктемі күле кірмей,
Жылап еріп, көк тоңы бір егілмей.
Бұ да бір бейдауа дерт жамаған ба
Мысалы, менің жүдеу жүрегімдей?!
Жыр төгіп, жыламай ма, жылынбай ма,
Мұз қылып шаға ала ма мұңын қайла?!
Шарқ ұрған шағалаға шалқып ерер,
Біздерге қайта оралғыш ғұмыр қайда!
Өтеді, кетеді өмір өкіндіріп,
Сен неге егілмейсің етің жібіп?
Мен неге мелшиемін мешеу құлдай?
Толқының тебіренсе ғой бетімді ұрып.
Келші енді, көтерілші,
Таста мұзды,
Бар әлем байыта алмас басқа бізді.
Көктем ғой, көкешім-ау, көркейсеңші,
Ертең-ақ кешеміз ғой қасқа күзді.
Кел енді, қауышайық, Көкше теңіз,
Мен — жастық, сен — мұңайған кексе теңіз.
Табысып, тебіренсек дүр әлемге,
Кешегі өткен күнін көксетеміз.
Көкше теңіз, жағаңа көктем кеп тұр...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ертең

  • 0
  • 0

Адыр-адыр, дөң-белес, қырқа-қырат,
Ертең қардан құтылып гүл тағынад.
Ертең анау аспанның кемерінен
шұбатылып, шұбырып бұлт ағылад.

Толық

Бір арудың атынан

  • 0
  • 0

Көктемнің желегі желбіреп
күлгенде қалаға келген ем.
Ол мені күтпеді келді деп,
Өз балаң едім ғой мен деген.

Толық

Фәни-құс

  • 0
  • 0

Мен бе...
Сен бе...
ОЛ ма әлде кінәлі –
Неге оттан түтін иісі шығады?

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер