Өлең, жыр, ақындар

Ор, ор қоян, ор қоян

  • 10.11.2015
  • 0
  • 2
  • 17919
Ор, ор қоян, ор қоян,
Ор қоян атлы бір қоян,
Он екі көжек атасы -
Қаудырқұлақ шал қоян
Жүйрікпін деп мақтанбас.
Жүйрікпін деп мақтанса,
Ұзын жолдың үстінде
Оралып ойнап тұрған
О дағы бір құба арланға жолығар!
Алма мойын сам үйрек
Ана Еділден көксіген,
Көлді тастап қырға ұшса,
О дағы бір тарланға жолығар!
Далада құлан, домбай шұбырса,
О дағы бір егеулі оққа жолығар!
Тағыдай түн түре қараған,
Таң берісіп жусаған,
Тарпаңдай тізесін бүгіп су ішкен
Арқада мезгілсіз жылқы жусаса,
О дағы бір аш қасқырға жолығар!
Сөйлегенде сөзі аузына сыймаған,
Еріккенде қызыл тілін тыймаған
Ғақбытлы сол жаман
О дағы бір пәлеге жолығар!
Атадан алтау тудым деп,
Салмақтама неменді.
Салмақтасаң немеңді,
Тәңірі тесер төбеңді:
Бір жеке туғанға жолығып,
Өкпесі сонда торығар.



Пікірлер (2)

Лана

Керемет

Айгерим

Талдау жасап бересіздерме? Керек болып тұр

Пікір қалдырыңыз

Күпшек санды тіл жалмаған күренді

  • 0
  • 0

Күпшек санды тіл жалмаған күренді
Тілеген достан аяман!
Тілекті бірге тілеген
Малымды достан аяман

Толық

Жебелей жебе жүгірген

  • 0
  • 0

Жебелей жебе жүгірген
Ерлердің арғымақтан игі малы болар ма;
Жағаласса, жыртылмас,
Ерлердің жеңсізден игі тоны болар ма;

Толық

Жақсының жақсылығы сол болар

  • 0
  • 0

Жақсының жақсылығы сол болар -
Жаманменен бас қосып,
Сөйлемекке ар етер;
Жаманның жамандығы сол болар -

Толық

Қарап көріңіз