Өлең, жыр, ақындар

Ескі жұртта

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 418
Біздің ел қонған боз дала мынау,
бөздей боп тозып кеткен бе-ей?!
Боз самал соқса, қозғалады қау
мұңлы бір әуен өпкендей.
Жол жатыр, әне, қайыс таспадай.
Соңғы көш өткен бұл жермен.
Қабырғам оған қайыспас қалай,
шөп-шөлкем жауып үлгерген.
Бұлты да кеше қалың бұл аспан
жалбыр тон киген шұрқ тесік.
Бұлағым, әне, салынды басқан,
қолыммен алдым құрт көсіп.
Шатырлы боз үй орыны қапты,
Мен өсіп едім бұл үйде.
Тірілер көшіп, қорымы қапты,
Не істейін уақыт-дүлейге?!
Боз орда сайын бір-бір антенна
әуеге басын шұлғитын.
Батырып қызыл Күнді бар ферма,
ғаламды тыңдап мүлгитін.
Жанымды бір мұң үңгиді жұртта,
Сүңгимін көзім жасына.
Молалар ғана мүлгиді ымыртта
бір-бір Ай қадап басына...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күн мен түн

  • 0
  • 0

Дүниенің бір шетінде сен жүрсің,
Дүниенің бір шетінде мен жүрмін.
Мені көріп сүйсінердей ел бір күн,
Сені көріп күрсінердей тең құрбың.

Толық

Ит жылғы оқиға

  • 0
  • 0

Жер – батпақ, көк қымтанып ыс-шапанмен,
Жылап құр қоштасуда қыс шаһармен.
Көктемде Һақ Тағала Махаббатты,
Балқашқа аттандырды іс-сапармен.

Толық

Бір арудың атынан

  • 0
  • 0

Көктемнің желегі желбіреп
күлгенде қалаға келген ем.
Ол мені күтпеді келді деп,
Өз балаң едім ғой мен деген.

Толық

Қарап көріңіз