Өлең, жыр, ақындар

Қазағым

  • 22.12.2020
  • 0
  • 0
  • 875
Ұлтым қазақ, жерім бай, халқы дана
Отанымсың жүректегі жеке дара
Сені сүйем, сен деп өтем елім менің
Ең қымбаты дәстүріммен, жерім ғана.

Керек десең дайын болам жан беруге,
Тайсалмаймын қас майданда қан төгуге
Кешегі өткен батырлардың ұрпағымыз,
Сондықтанда хақымыз жоқ ар төгуге.

Қазақ халқы әрқашанда арлан болған
Жігіттері жері үшін тарлан болған
Жұмыр жерді жайлаған қазағыма
Намысты ер-жігіттері қалқан болған.

Кім келмеді қазақ ұлтын басамын деп
Қазақ жерін бір ақ аттап асамын деп
Қызын күң, Ұлын құл қылып жәутеңдетіп
Қазақ жерін өз жеріме қосамын деп.

Жоңғар елі ойлап еді жеңемін деп,
Жәйғана басып алып келемін деп
Алайда өз тағдырын өзі шешті
Күтіп тұрар оны бізден келер індет.

Жаулайм деп ед, түк қалмады еліненде
Жоңғар халқын айырдық жеріненде
Тарихтан жоңғар деген өшіп кетті
Менмін дейтін бірі қалмад еріненде.

Одан соң солтүстіктен жәбір келді
Құдды бір ағаш жәшік, қабір келді
Өз билігін орнатуға ниеттеніп
Халқыма бойсынсын деп сабыр берді.

Көне түстік, көп уақыт мойын идік
Көптеген азап көріп, түйін түйдік
Аштық көрдік, жұт көрдік, қанда көрдік
Намысымыз өртеніп, отқа күйдік.

Қырылды қазақ халқы жоқтың қасы
Жылу бермес жүректерге оттың басы
Адамды адам жейтін хәлге жеттік
Естан асты кәрісімен тіпті жасы.

Мейлі өтті бұл күндер, амалдадық
Кейде оны кейде мұны жамандадық
1986 келген кезде
Ұлтымыздың болашағын алаңдадық.

Орыс келді билікке, қазақ кетіп
Құл қылуда барша ойы, азап етіп
Қазақ ұлтын басып алу бар ниеті
Керек болса, бар өмірді тозақ етіп.

Алайда қазақ ұлтым берілмеді
Құлдық дәні мәңгілікке себілмеді.
Қарсы шыққан батырлардың арқасында
Қазақ ұлты мәңгі жерге егілмеді.

Қиындыққа төзе білді қазақ елім
Міне енді мақтанамын азат елім
Осы күнге жету үшін не көрмедік
Қанша ұлтшыл, батырларың төгіп терін.

Міне енді қазақ ұлтым азат болды
Борат келіп барша елге мазақ болды.
Атың өшкір Саша Боран түскен кино
Қазағымның намысына азап болды.

Өтіріктен қазақ ұлтын күлкі қылды
Құдды бір түгі түскен түлкі қылды
Туымызды тыр жалаңаш бұтқа киіп
Нәжіс шыққан арқасына сүлгі қылды.

Барынша күлкі қылды елімізді
Барша жұртқа жамандады жерімізді
Хайуан болып сөйледі қазақпын деп
Борат деп жар салды теңімізді.

Нағыз қазақ мойымайды, берілмейді
Нағыз қазақ ешқашанда жеңілмейді
Отан үшін отқа түсер ұландарым
Әрқашанда, әр жерде де елім дейді.

Талай сынақ өтіп еді басымыздан
Бұл сынақта өшіп кетер қасымыздан
Нағыз қазақ ұлты қандай екендігін
Оқып біле аласыздар хатымыздан.

Шынын айтсақ Қазақстан жарқыраған
Тауларынан мөлдір бұлақ сарқыраған
Таңын көрсең қызарып ата тұғын
Сәуле түссе бүкіл жері жалтыраған.

Міне қандай нағыз біздің жаратылыс
Бораттай емеспіз біз аға-туыс
Қазақстан деген бір кереметті
Көргің келсе осы жаққа аттаныңыз!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих кафедрасының доценті:Т.Ғ.Қ Жұмаділ Махаббат Тоқтарқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1-курс студенті Қыдырхан Бақдаулет Асылханұлы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер