Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 2296
Бір Алла атты теңдессіз ғажап ұстаның,
Бойына жиған имани тазалық нәрін.
Төріңе қанша төнсе де қара дұшпаның,
Болашағы үшін бастарын бәйгеге тігіп,
Қорғады сені серт беріп сан арыстарым – Қазақстаным!
Төндіріп тағдыр басыңа қара бұлттарын,
Тарихтан білем ұлтымның жан ауыртқанын.
Ұрпақтарыңның былғаған балалық шағын,
Қариялардың ұрлаған даналық шамын,
Замандар да өтті-ау, жататын тоналып бағың – Қазақстаным!
Өмір-өзеннің бұлқынған долы ағыстарын,
Елең де қылмай, еңкеймей, алабұртпадың.
Қап-қара жерге қып-қызыл көп ағып қаның,
Ақырып теңдік сұрап ең, Алашыңды айтып,
Ақыры келіп қолыңа жалау ұстадың – Қазақстаным!
Босатып тордан зарыққан дала құстарын,
Алдыңнан атты нұр шашып, ағарып таңың.
Соның үшін де қолыма қалам ұстадым...
Жүрегімменен жүремін үнемі сезіп,
Бойыңда сенің асқақ рух, дара күш барын – Қазақстаным!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мерей

  • 0
  • 0

Тәуелсіздік – тұмарым,
Бәйтерегім – шырағым.
Ел мерейін өсіріп,
Мен де шыңға шығамын!

Толық

Балабақшада

  • 0
  • 0

Бұл жерде достарменен танысамыз,
Әр түрлі ойын ойнап, жарысамыз.
Бұл жерде жақсылыққа үйренеміз,
Жамандықтан алыстап, жиренеміз.

Толық

Қазақстан – байтағым!

  • 0
  • 0

Еркіндіктің мекені,
Қазақстан – байтағым,
Ерлігіңді әрдайым
Мақтанышпен айтамын.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер