Өлең, жыр, ақындар

Мен туған жер

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1258
Мен туған жердің таулары
Аласармайтын нар бәрі.
Сондықтан болар — арманым
Биікке ғана самғады.
Мен туған жердің орманы,
Әркімнің сая, қорғаны.
Бұл жақты аңсап жүр ме екен,
Құс, жануарлар тордағы.
Мен туған жердің көлдері,
Жатады жаймен тербеліп.
Тұрпаты сондай тамаша,
Нанбасаң, өзің кел көріп.
Мен туған жерде өзендер –
Тоқтамай аққан ежелден.
Суы да таза. Өйткені
Ақ қардың нәрін көп емген.
Мен туған жердің ауасын
Демалсаң – рахат табасың.
Табасың және дертіңнің
Жаныңа жайлы дауасын.
Мен туған жерде көк аспан
Шексіздікпенен таласқан.
Бұлттары кейде түнерсе,
Соның өзі де жарасқан.
Мен туған жердің түндері,
Жұлдыз боп, Ай боп күледі.
Дамылдап жатқан тірлікті
Аймалап самал сүйеді.
Мен туған жердің таңы да
Шапағат сыйлар жаныңа.
Күнім де сондай сәулелі,
Жылуын жайған маңына.
Мен туған жерді бәрібір
Аймалай бермек кәрі Күн.
Бәріне мұнда жетеді
Алланың берген жарығы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Эскиз

  • 0
  • 0

Мұнда бәрі түрлі-түске боялған,
Бұл бір әлем, бояулардан жаралған.
Сұлулық пен әдемілік атаулы,
Осы жерде қайта түлеп, жаңарған.

Толық

Біздің сынып жетекші

  • 0
  • 0

Бір өзіңіз – панамыз,
Сөзіңізге нанамыз.
Сізбен бірге қосылып,
Білім отын жағамыз.

Толық

Қар жауғанда

  • 0
  • 0

Қар жауыпты далаға,
Қар жауыпты қалаға.
Сырғанаймыз енді біз,
Отырып ап шанаға.

Толық

Қарап көріңіз