Өлең, жыр, ақындар

Алмаға

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 422
«Әлімқүлиха» деймін мен еркелетіп,
Көргенім жоқ еркеме әсте зекіп.
Кім екенін әкеңнің білерсің соң,
Оқығанда өлеңін сен ержетіп.
Көз алдыңда өтті бір менің тойым,
Көрінді ме ол, кім білсін, саған ойын.
Екінші той болар ма көзім жетпес,
Келем қумай мен атақ өмір бойы.
Көрсем сенің тойыңды – бір тілегім,
Жан пида етер перзентке ғұрпым менің.
Шыбық емес қондырған бөтен жерге,
Сені өсірген тамырлы бәйтерегің!
Болса үйде дүрдараз мұңаясың,
Айтуға сен себебін ұяласың.
Мен қарлығаш аузымен жем тасыған,
Оңайлықпен қияды кім ұясын?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жас төкпен, өкінбен өткенге

  • 0
  • 0

Жас төкпен, өкінбен өткенге,
Өтер барша – гүліндей алманың.
Алтынша сарғаяр шақ жеткен бе,
Мен – жасарман қайтып, алдар арманым!

Толық

Жаяу сал

  • 0
  • 0

Әріптің отыз екі арасында,
Қазақтың көрдім шарқы – шамасын да.
Білмеймін асылмын ба, масылмын ба,
Біреумен келе алмадым жарасымға.

Толық

Жаз жаршысы

  • 0
  • 0

Толықсыған көктем таңы,
Жатыр әлем нұрға бөгіп.
Жылт-жылт етіп шық маржаны,
Күн де шықты шұғыла төгіп.

Толық

Қарап көріңіз