Өлең, жыр, ақындар

Тіл

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 527
Шындықты сүйіп өтпекке тіл жаралған,
Тіл шыққан соң тарауға тоғыз таралған.
Сырға берік – сөзге серік болмайды,
Сыр шертіп кет келгенінше шамаңнан!
Кейбіреудің күші тілдің үшінде,
Кейбіреудің тілі өзінің ішінде.
Күрмелсе де, күнасыз сыр ашылар,
Сөйлесе тіл жатқанда ұйықтап түсінде.
Жүрек сағат ұйықтамайтын деседі,
Оның сырын сөйлесе тіл шешеді.
Сағат тілін бұрасаң да серпінді,
Қайтару жоқ өткен күннен есені.
Мен сөйлесем, дес бермеймін, әрине,
Буынсыз тіл шерте білер әр күйге.
Жүрегімде, бірақ, тікен жатады,
Теріскенге қадалғандай кәрі ине.
Тісім кейде тілді тістеп алады,
Көрсетпес тіл түскен тістен жараны.
Қысқа тілім өзімнен ұзақ жасар ма,
Тілімді сынар уақыт өтіп барады!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аспанда ұшқан бұлт ыдырап барад

  • 0
  • 0

Аспанда ұшқан бұлт ыдырап барады,
Мұңды жұлдыз бір жылт етіп қарады!
Сенің сәулең – нұрландырған даламды,
Күңгірт құз бен мүлгіп тұрған аралды.

Толық

Әнші қыз

  • 0
  • 0

Махаббаттың нұрындай –
Саумал көлден салған ән,
Жол-жөнекей бұрылмай,
Шарықтап жетер шалғайдан.

Толық

Бесіктегі бөбек

  • 0
  • 0

Құндақта құйттай өседі еркін,
Бақытты – бөбек іңгәлаған.
Есейіп өсе келгенде бертін,
Етеді тарлық қиырсыз жаһан.

Толық

Қарап көріңіз