Өлең, жыр, ақындар

Көкшетау

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1099
Көкшетау көк күмбездей төңкерілген,
Орманмен сексен көлі көмкерілген.
Аралы мұхит түздің теңдесі жоқ,
Ауысқан ертегіге ертегіден.
Қайың мен қоршауында қарағайдың –
Көлі бар көпті көрген Бурабайдың.
Үстінен Оқжетпестің байқасаң сен,
Осы көл көздей сыршыл, көктей айдын.
Шудасы қырықтықпен қырқылмаған –
Ақ бура осы көлден сусындаған.
Ботаның енді, әрине, боздауы жоқ,
Жел сипар орман шашын сусылдаған.
Көкшедей тау сұлуын көрмедім мен,
Төсіне еркесіндей өрледім мен.
Шот маңдай батыр құзға ұқсамақ боп,
Найза ғып қаламымды сермедім мен.
Батырлар паналаған үңгірлерді,
Ішіне кіріп барсам, дүңгірледі.
Аһ ұрған өкініштің отты селі,
Шықты ма жарып содан, кім біледі?!
Еліктеп сал Біржанға айқайладым,
Даусым жоқ, айтар әнді айта алмадым.
Көз салдым Сері-таудан жан-жағыма,
Қай жерде жатырсың деп майталманым?!
Хош болшы, көкейкесті Көкшетауым,
Қаланған шебер қолмен текше тауым.
Кеудемде сағыныштың сары бұлты,
Сорғалап көк сиядан құяр жауын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саржан

  • 0
  • 0

Қос аяқ саржанмен жер өлшегенде,
Болжап па ем жетерімді осы күнге.
«Дұрыс жаз табелімді» десе-тұғын,
Қартайды осы күні кейбір жеңге.

Толық

Шабандоз

  • 0
  • 0

Машинаға айырбас қылмай,
Уатқа байлап ат бағасыз.
Белдікті кемер музейге қимай,
Тойда белге Сіз тағасыз.

Толық

Сәуле

  • 0
  • 0

Көрем дәйім алтын сәуле,
Өңімде де, түсімде.
Ойдағы ма, қалай әлде?
Жүрем бақтың ішінде.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер