Өлең, жыр, ақындар

Ерніңнің түгі тебіндеп

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 561
Ерніңнің түгі тебіндеп,
Шілдеге сары шарқ ұрар.
Қоңыр күздің кегін жеп,
Көктемге көңілім талпынар.
Атыспай назар назармен,
Тот басты оғын сабырдың.
Әзілді тежей азар мен,
Жылдарды сері сағындым.
«Ағалап» шыққан дірілден
Бастаңғы бір сыр ұғамын.
Аңдимын сыр түріңнен,
Қабарсаң – қақтай тұнамын.
Көзіңнен ұшқан ұшқыннан
Тұтанса нәзік жүрегім.
Ақылмен таптап жалма-жан,
Өшіремін де жүремін.
Зер салмайын десем де,
Зердесіз екен көз шіркін.
Мылқауша жұтып өтем бе,
Махаббаттың өз дертін?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ескерткіш

  • 0
  • 0

Ойнайды бала топырақпен,
Апыл-тапыл басқанда.
Өтеді өмір шоқырақпен,
Кәріден де, жастан да.

Толық

Кертолғау

  • 0
  • 0

Күй шықпас көкейіңнен еркін келмей,
«Кертолғау» кері қарай шертілгендей.
Шарасыз шымырлайды тұла бойың,
Тас жүрек қорғасын боп ертілгендей.

Толық

Тағалы ат

  • 0
  • 0

Тұяғыңды тағалап, шеге қаққан,
Кім болды екен сән үшін сені баққан?
Тұрдым қарап сыртыңнан сыншы көзбен,
Күймеңе мен отырмай қоңыраулатқан.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер