Өлең, жыр, ақындар

Торғайлар тойы

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 810
Рауандап алтын таң атады
Мен жатқанда ұйқылы-ояу.
Торғайлар шулап тіл қатады
Көк теректен тереземе таяу.
Менен жақсы біледі-ау торғай
Боларын, сірә, күннің жылы.
Екі көз – маңдайға біткен сордай,
Сәріде мен – мүлгудің құлы.
Мұңдық торғайлар той тойлайды,
Жіңішке әнін құбылжыта.
Жіңішке бал жүрекке бойлайды,
Жатам мен сиқыр ызың жұта!
Ұяда көргем балапаныңды,
Көргенмін мен аузын ашқанын;
Төсегем мамық алақанымды,
Елжіреп жарасыз жас жаным.
Шашайын шашу сақталған жаннан,
Торғайлар мәңгі мерекеңе.
Напаха қораш, ақталған жаннан
Қосылсын, бейбақ, берекеңе!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақбикеш

  • 0
  • 0

Көк орай, солқылдақ саз Жеті Қоңыр,
Арқаның ақ селеулі шеті Қоңыр.
Қалың ел шеңбер-шеңбер отыр сыңсып,
Күйіндей табиғаттың шертіп өмір.

Толық

Аттың сыны

  • 0
  • 0

Енеден қарабайыр текті туған –
Бәйге аты қаны толық болсын будан.
Желіксе ескен желге салсын әлек,
Перідей сары белден сағым қуған!

Толық

Түлкі мен торғай

  • 0
  • 0

Бұтақта отыр еді торғай қалғып,
Қу түлкі әлдеқайдан келді қаңғып.
– Торғай жан, бүрсигенше тоңып жалғыз,
Қасыма келші ойнап бейне балдыз.

Толық

Қарап көріңіз