Өлең, жыр, ақындар

Сен кеткелі

Сүйіп тұрып кетеріңді кім білген?
Кеше жүр ек қырда теріп бүлдірген.
Аққу мойын, аруым қайдасың сен?
Пәк сезімін күлкісімен білдірген.

Сен кеткелі көңілімді торып мұң,
Түнек мұңнан үрейленіп қорықтым.
Таң арайдан жолыңа үздігумен,
Тағдырыма қапаланып торықтым.

Қосылуды жазбаған пешенеміз,
Жолықпадық бүгін де, кешеде біз.
Арамызды суытып, жырақтатып,
Қайдан келді ызғарлы көшеге күз?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қос аққу

  • 0
  • 0

Жер бетіне шуақ шашып арайлы,
Көкжиектен күн күлімдеп қарайды.
Айдын көлді тебірентіп қос аққу,
Ақ ұлпадай мамықтарын тарайды.

Толық

Жүрегімнің сыңары

  • 0
  • 0

Жүрегімнің сыңары егіздейсің,
Мен тұрғанда, өзгені неге іздейсің?
Бақтың ішін өзге жан аралап жүр,
Маған неге жемісін жегізбейсің.

Толық

Бүгінгі заман

  • 0
  • 3

Бүгінгі заман тар заман,
Ынтымаққа зар заман.
Қазаққа қазақ жау болып,
Береке кеткен дау заман.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар